Жаңалықтар

«Дос-Мұқасан» тобының 48 жылдық тарихы бар аспабы сатылымға шығады

«Дос-Мұқасан» тобының алғашқы хит әндері шыққан гитара ерекше балалардың сапалы білім алуына және жалпы білім беретін мектепте басқа балалармен бірге оқуына жағдай жасауға арналған аукционға қойылды
«Дос-Мұқасан» тобының 48 жылдық тарихы бар аспабы сатылымға шығады
Фото: El.kz 24.11.2022 15:14 1819

Астанада ерекше қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім және қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын «Қысқы қайырымдылық балы» өтеді. Он жылдық тарихы бар шараға «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Досым Сүлеев өз үлесін қосты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Статистика бағамы бойынша елде мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 98 264. Қазіргі таңда оның 40%-ы  ғана толық қамтылуда. Қазақстан аумағында арнайы 40 мекеме жұмыс жасап жатқанымен, маман мен орын жетіспеушілік мәселесі күн тәртібінде түспеуде. Осы бағытта мемлекеттік емес ұйымдардың көмегі баларды оңалту саласында үлкен рөл ойнайды.

Дәл сондай ұйымның қайырымдылыққа бағытталған қысқы балының тұсаукесері өтті. Алдағы уақытта өтетін кеште аукцион ұйымдастырылып, түскен қаражат ерекше қажеттілігі бар балалардың емі мен біліміне жұмсалады. 2012 жылдан бері қайырымдылықпен айналысқан ұйым 1000-ға жуық балаға көмек қолын созып,арнайы кабинеттер мен кадр тапшылығының алдын алу жолында біршама істер атқарған.

«Дос-Мұқасан» тобының 48 жылдық тарихы бар аспабы сатылымға шығады

«Дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған әлемде дәлелденген әдістемелік кітаптың алғашқы қазақша нұсқасын шығардық. Көптеген мамандарды арнайы бағдарлама бойынша оқыттық. Мұның барлығы ерекшелігі бар балалардың өзінің қатарластарымен бір деңгейде дамуы үшін», – дейді «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Қоғамның белсенді мүшелері ат салысып жатқан шараның бас қонағы Досым мырза еліміздің болашағы болатын жастардың денсаулығына бейжай қарамайтындығын білдірді.

«Ансамбліміздің атынан сіздердің алдарыңызда жауапты іс жасауға келдім. Мемлекеттің ертеңі болатын жастардың, балалардың денсаулығына бағытталған мұндай шаралар көптеп болса екен. Әрбір сәбиге кішкентай болсын көмегіз тисін деген ниетпен, 1974 жылы қолымызға алғаш ұстап, сіздер хит деп айтатын өлеңдерімізді шығарған гитарамыз бен алғашқы әндеріміз жазылған виниль күйтабағын ұйымастырушыларға табыстаймын», – деді ол.

«Дос-Мұқасан» тобының 48 жылдық тарихы бар аспабы сатылымға шығады

Өнер сүйер қауым үшін тарихы бар аспап пен күйтабақ аукционда ойнатылады. Балл жабық форматта қайырымды жандардың қатысуымен өтеді.

«Дос-Мұқасан» тобының 48 жылдық тарихы бар аспабы сатылымға шығады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға