Жаңалықтар

Донбасқа барған әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің басы дауға қалды

Донбасқа барған әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің басы дауға қалды
Фото: instagram.com/azabraza1984 11.09.2023 16:45 714

Ресейлік тележүргізуші және әзілкеш Азамат Мұсағалиев Донбасқа барғаннан кейін украиналық «Бітімгер» сайтының дерекқорына енді. Аталмыш порталда «Украина қауіпсіздігіне қауіп төндіретін» тұлғалар мен ұйымдар туралы ақпарат жарияланады.

Украиналық порталдың деректер базасын құрастырушылар шоуменді «орыс-фашист басқыншыларының сыбайласы» және «Ресей билігінің серіктесі» деп атады.

8 қыркүйекте Азамат Мұсағалиев әріптесі Денис Дороховпен бірге Донбастағы Саур-Могила мемориалдық кешенінде өткен концертте өнер көрсетті. Шара Донбассты фашистік басқыншылардан азат ету күніне орай ұйымдастырылған.

Жергілікті журналистер түсірген видеода тілші әзілкештерден Донбасс тұрғындарына арналған ізгі тілегін сұраған.

Ең бастысы – бейбіт аспан, денсаулық және жақындарыңыздың амандығы. Бұл кез келген адамда кез келген уақытта болатын ең маңызды нәрсе. Отбасында бәрі жақсы, барлығы бақытты болсын, - деп жауап берді Мұсағалиев.

Сондай-ақ әзілкештер әскерилермен де сөйлескендерін атап өткен.

Олар шын жүрегімен тілдеседі екен. Өте шынайы адамдар, біздің концерттерімізді тамашалай алатынына өте қуаныштымыз, - деді Дорохов.

Айта кетейік, Денис Дорохов 2019 жылы «Бітімгер» деректер базасына енгізілген. 

«Бітімгер» базасы 2014 жылдың тамызында құрылған. Портал өзін «Украинаның ұлттық қауіпсіздігі, бейбітшілік және азаматтардың қауіпсіздігі негіздеріне қарсы қылмыстарды зерттеу орталығының Интернеттегі өкілдігі» деп жариялайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға