Жаңалықтар

Дональд Трампке журналисті зорлады деген айып тағылды

Дональд Трампке журналисті зорлады деген айып тағылды
Фото: ©AP/Evan VUCCI 10.05.2023 10:45 1083

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналист және жазушы Джин Кэрролды зорлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

CNN хабарлауынша, қазылар алқасы 1996 жылдың көктемінде Кэррол саясаткер тарапынан зорлыққа ұшыраған деп тапты.

Сот Трампты азаматтық сот ісін реттеу аясында әйелге қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Одан бөлек, экс-президент Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы тиіс.

Трамптың өзі журналист Джейн Кэрролды зорлады деген айыптауды жоққа шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға