Жаңалықтар

Дональд Трамп қамауға алынды

Дональд Трамп қамауға алынды
Фото: ©AP/Rebecca BLACKWELL 05.04.2023 10:52 1967

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте ресми түрде қамауға алынған деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап.

Қамауға алу оған айып тағылғанға дейін жалғасуы керек еді, бірақ ол шамамен екі сағатқа созылды.

Сот ғимаратының жанында экс-президенттің жақтастары мен қарсыластары жиналды. Полиция екінші "Капитолий қақтығысы" қаупіне байланысты күшейтілген режимге ауыстырылды.

Трамп бұрын қамауға алу кезінде барлық қосымша процедуралардан босатылған. Оған кісен салынбайды, іс материалдары үшін суретке түспейді және саусақ іздері алдын ала алынған.

Экс-президент Америкада мұндай жағдай болып жатқанына сене алмайтынын айтты.

Осыған дейін Трампқа қатысты 34 айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарланған болатын.

Оны бизнес саласында алаяқтық жасады деп кінәлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға