Жаңалықтар

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті
Фото: 7kun.kz 17.02.2023 16:52 2602

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 20 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 444, 23 теңге.

Ұлттық банктің 17 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 09 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446 теңге, сатып алу – 450 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 449 теңге.

Ресей рублі 5,85 - 6, 15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға