Жаңалықтар

Доллар қымбаттап жатыр

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті
Доллар қымбаттап жатыр
Фото: egemen.kz 26.07.2022 17:39 1196

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,51 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 479, 83 теңге болды, деп хабарлайды El.kz

Ұлттық банктің 26 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475, 92 теңге.

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 479 теңге, сатып алу – 483 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу құны – 481 теңге.

Ресей рублі 7,4 - 7, 8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға