Жаңалықтар

Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді
Фото: pixabay.com 17.01.2023 17:03 1295

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,23 теңгеге көтеріліп, 464,09 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 17 қаңтардағы бір долларға арналған ресми бағамы 462,69 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,65 теңгеден сатып алынып, 466,77 теңгеден сатылып жатыр.

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 463,84 теңге, сату – 467,01 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға