Жаңалықтар

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды
Фото: © Pixabay.com 12.07.2023 18:00 998

Бүгіннен бастап докторантураға түсу үшін емтиханға құжаттарды қабылдау басталды. Ол 2023 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болатындығын ескертеміз.

Оқи отырыңыз:

Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға