Жаңалықтар

Дохадағы әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық дзюдошы сынға түседі

Дохадағы әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық дзюдошы сынға түседі
Фото: Ijf.org 08.05.2023 13:20 560

Дохада дзюдодан басталған әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде ұлттық құраманың екі балуаны белдеседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғұсман Қырғызбаев татамиге шығады. Отандасымыз алғашқы белдесуінде Перу спортшына қарсы күреспек.  Ал әйелдер құрамасынан 52 келіде Толғанай Әбеуова оңтүстік корея балуанымен белдеседі.

Кеше әлем чемпионатында Қазақстандық 4 балуынша жарыс жолына шыққан еді. Олардың арасында Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева іріктеу кезеңдерінде жеңілді. Сонымен бірге, 48 келіде Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін белдесуде есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.

Ал 60 келіде белдескен қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев ширек финалға дейін жеткенімен, жұбаныш белдесуінде грузин балуаны жол берді. Сөйтіп, 7-орынмен Доханада жаһандық доданытүйіндеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға