Жаңалықтар

"Діни салафиттік бағытта оқытқан". Атыраудағы "Ұлттық қыздар мектебі" жабылды

"Діни салафиттік бағытта оқытқан". Атыраудағы "Ұлттық қыздар мектебі" жабылды
Фото: © Pixabay.com 12.10.2023 09:23 5381

Атыраудағы "Ұлттық қыздар мектебі" сот шешіміне қарамастан жұмысын жалғастырып жатқаны мәлім болған еді. Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев мәселеге қатысты мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз өз кезегімізде талай тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Сот арқылы екі рет айыппұл да салынды. Біліктілік талаптарына сай келмейтін мектепке лицензия берілмеді. Ақыры, заңға бағынбаған кәсіпкерді сотқа бердік. Сөйтіп, сот шешімімен мектеп жабылып отыр, – дейді ол Stan.kz тілшісіне.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын Атырауда "Ұлттық қыздар мектебі" дейтін сәләфилік бағыттағы жаңа мектеп ашылғаны белгілі болды. Былтыр аталған білім беру мекемесінде жүзден астам оқушы қыздар діни салафиттік бағытта тәрбиеленіп жатқаны жөнінде дау туындаған еді. 

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС қызметін тоқтату жөнінде азаматтық іс қаралды.

Талап арызды Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті берген.

Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС заңды тұлға ретінде 2022 жылғы 18 маусымда Азаматтарға арналған үкіметте тіркелген. Қызметін лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрі деп көрсеткен. Алайда, мектеп өз қызметін Атырау қаласында 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінде 7-сыныпқа 117 баланы қабылдап, жеке білім беру ұйымы ретінде бастаған. «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын бұзуға, атап айтқанда, лицензия болмаған кезде қызметті жүзеге асыруға жол берілді, -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға