Жаңалықтар

Діни ән таратқаны үшін 21 жастағы студент үш жылға сотталды

Діни ән таратқаны үшін 21 жастағы студент үш жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 10.05.2023 11:00 1047

Өзбекстан соты Жахонгир Улугмуродов есімді студентті діни ән таратқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Туыстарының айтуынша, ол сыныптастарына YouTube желісіндегі нашидтің (мұсылмандық ән) сілтемесін жіберген.

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкент облысы Аққорған ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты 8 мамырда 21 жастағы студент Жахонгир Улугмуродовты "фанатизм идеясы сіңген" діни ән таратқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды.

Судья Санжар Исақұлов оны Қылмыстық кодекстің 244-1-бабы 3-бөлігі "г" тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Ол 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын жазаның жеңілдетілуіне байланысты үш жылға бас бостандығынан айырылды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға