Жаңалықтар

Динара Сәтжан Роза Рымбаевамен бірге үлкен жоба жасайтынын айтты

Динара Сәтжан Роза Рымбаевамен бірге үлкен жоба жасайтынын айтты
Фото: instagram.com/dinarasatzhan 24.01.2024 17:09 674

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде Халық әртісі Роза Рымбаевамен суретін жүктеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне 50 жыл болғанын жазды.

Үлкен сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Сонау 1974 жылы Рымбаева өзінің музыкадағы алғашқы қадамын жасады. Ал 1975 жылы Әскери әндер байқауында бүкілкеңестік танымалдылыққа ие болды, - деді Сәтжан.

Бұдан бөлек тележүргізуші 2024 жылға жоспарын айтты.

Аңыз адам, нағыз әншімен көлемді сұхбат жасағым келеді, - деді ол.

Роза Рымбаева есімі әнші Роза Бағланованың құрметіне қойылған. Роза Қуанышқызын Қазақстанның «Алтын дауысы» деп те атайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға