Жаңалықтар

Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

sports.kz
Фото: sports.kz 29.12.2022 898

Динара Сәдуақасова әйелдер арасында жылдам шахматтан (рапид) 2022 жылғы вице-чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир үш күн бойы – 26-28 желтоқсан аралығында Алматыда өтті.

Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық шахматшы тай-брейкте қытайлық Тань Чжуньиден жеңіліп қалды. Сонымен қатар, шахматшылар алғашқы партияны тең аяқтады. Ал екінші жеңісті қытайлық шахматшыға бұйырды.

Динара 11 турдың қорытындысы бойынша екі шахматшы да 8,5 ұпай жинады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.

Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға