Жаңалықтар

Дина Төлепберген күйеуінен үйлену туралы ұсынысты үш жыл күткенін айтты

Дина Төлепберген күйеуінен үйлену туралы ұсынысты үш жыл күткенін айтты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen 26.12.2023 18:02 5195

Отандық тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет жолдасы туралы айтты, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Бізде өте үлкен махаббат болды. 28 жасымда күйеуге тидім. Тұрмыс құрғаныма 13 жыл болды, үлкен ұлым 10 жаста. Жолдасым екеуміз қыз бен жігіт болып үш жыл жүрдік. Сол уақытта жұмыс бабымен Алматыға қоныс аудардым. Күйеуімнің де жұмысы Алматыға ауысты. Осы қалада бас қосып, ерлі-зайыпты ретінде өмірімізді бастадық, – деді журналист. 

Тележүргізушінің сөзіне қарағанда, оның күйеуі көпшілік назарына түскенді ұнатпайды. Ал үйлену туралы ұсынысты үш жыл күткен екен.

«Сенің атағың мен абыройың бар, маған ол қызық емес. Сені жұлдыз болғаның үшін жақсы көрген жоқпын» деді. Айтпақшы, оның оның сөз салғанын үш жыл күткенмін. «Сіз маған сөз саласыз ба? Мен сіздің жарыңыз болуға дайынмын» дедім. «Неге ертерек айтпадың?» деді. Сөйтсек, ол мені күтіп жүрген екен. Республика сарайының алдында тұрып жары болуға келісімімді бердім. Негізі ол жерге біз бірге бассейнге баратынбыз. «Күнде кіреміз, бүгінше демалайық» деп бір күні спорт залға кірмеді. Мен тыңдамай кіріп кеттім, ол сыртта күтіп тұрды. Шықсам: «Маған тұрмысқа шығасың ба?» дейді. Бассейннен шығып тұрған бетім, шашым мен үстім су болып қалған. Сол жерде келісімімді бердім, – дейді Дина Төлепберген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға