Жаңалықтар

Дін көшбасшылары ауқымды тақырыптарды талқылауға жиналды

Шараға әлемнің 50 елінен 108 делегация, 10 мыңға жуық адам, 300 ден аса журналист қатысады.
Дін көшбасшылары ауқымды тақырыптарды талқылауға жиналды
Фото: gov.kz 13.09.2022 18:13 1118

VII съездің елімізде өтуі және Қазақстанға Рим папасының алғаш рет ат басын бұруы жайында әлеуметтік желілер де, БАҚ өкілдері де жарыса жазып жатыр. Дәстүрлі діндер көшбасшыларының бас қосуы, осындай ауқымды шараның өтуі елімізге не береді деген сауалдар біраз қазақстандықты мазалайтыны анық.

Діндер съезі 2003 жылдан бері әрі 3 жыл сайын елімізде тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америкадағы қос мұнараға жасалған террористік шабуылдан соң, бүкіл әлем бөлшектеніп, қоғамдағы радикалдану деңгейі көтерілді. Бұл әлемнің жаңа қауіппен бетпе-бет кездескен кезеңі болған еді. Осы сәтте көптеген басшылар мәселені шешудің жолын қарастыра отырып, діни көшбасшылардың қатысуымен осындай ауқымды шараны өткізуді ұсынды. Ал осы идеяны жүзеге асырған ел болды.

Биылғы съездің берері де өз алдына ерекше. «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі» тақырыбының таңдалуы да ерекшелігін көрсетіп тұр.

Бұл тақырыпта талқыланатын мәселе де ауқымды. Бұл тұрғыда саясаттанушылар, дін өкілдерінің мамандары мен эксперттер түрлі елден келген діни көшбасшылар адамзатқа ортақ құндылықтарды ортаға сала отырып, әлем назарына бейбітшілік пен татуластықтың үлгісін көрсетеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары, беделді діни қайраткерлер жаһандық конфессияаралық диалог пен бейбітшілікті қалыптастырудың, әсіресе діни негіздегі экстремизм, радикализм және терроризмге қарсы іс-қимылда бірлесе жұмыс жасаудың адамзатқа қаншалықты қажет екендігін және бүгінгі әлемнің бейбіт өмірге қаншалықты зәру екендігіне бүкіл әлемнің назарын тартады деп санайды.

Сондай-ақ съездің еліміз үшін экономикалық үлес салмағы да зор екені айтылуда. Біздің еліміз әлемге сенімді алаң ретінде, яғни салынған қаражатқа қауіп төнбейтін орта, ары қарай алға дамудың кепілі бола алатындығын көрсете білсе, мемлекеттің ұтары да осында болмақ дейді. Бұл тұрғыда сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев діни қауымдар басшыларының сауалдары өте қарапайым, сондықтан съезді ұйымдастыруға көп қаржы қажет болған жоқ. Сонымен қатар, ол бұл салымдар толығымен ақталатынына сенім білдірді.

«VII съездің ерекшелігі-оған қатысушылардың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейі. Бұл қазақстандық алаңның қажеттілігі мен өзектілігін көрсетеді, сондай - ақ халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанның бейбітшілік пен диалог саясатын ілгерілету жөніндегі бастамаларының пәрменділігін мойындайды", - деп жазады съезд ұйымдастырушылары.

Съезге Рим Папасының қатысуы да тың жаңалықтың бірі болып отыр. Рим папасы әлемдік діндер көшбасшылары арасында өте маңызды тұлға екендігі белгілі. Ол бұған дейін Қазақстанға «Бейбітшілік қажылығына» барамын деп атап өткен екен. Ол қоғамның назарын тек дін тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар елдер арасындағы келісім, бейбітшілік тұрғысынан да өте маңызды мәселелерге аударады, көптеген елдерде және әлемдік деңгейде кедейлікпен, гендерлік теңсіздікпен күрес және басқа да өзекті мәселелерді көтереді. Сондықтан оның пікірін тек католиктер ғана емес, бүкіл әлем тыңдайды. Әлемде болып жатқан оқиғаларға баға беріп қана қоймай, шиеленісті шешуге ықпал етеді, көптеген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді. Рим Папаысының Қазақстанға сапары 15 қыркүйекте қорытындылаумен және Конгрестің жабылуымен аяқталады.

Сондай-ақ, съезде атап өтер тағы бір қадірлі қонақтардың қатарында Ислам орталығының жоғарғы шейхі Әл-Азхар Ахмад Ат-Тайеб бар.

Шейх Ахмед Ат-Тайеб пайғамбардың ұрпағы болып саналады. 2010 жылдан бастап ол ислам әлемінің негізгі білім беру, ғылыми, рухани орталықтарының бірі - Әл - Азхардың жоғарғы имамы болып келеді. Бұл Египеттің ең маңызды және мұсылман әлеміндегі ең танымал мешіттердің бірі. Бұл жүйеге ең көне және беделді мұсылман рухани университеттерінің бірі кіреді. Әл-Азхардың жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайеб-бұрын университетті өзі басқарған, сондай - ақ Египеттің Ұлы мүфти болған.

Дін лидерлері съезге қатыса отырып, әлемдегі соғысушы тараптарды бейбітшілікке шақырады. Әрбір соғыс келіссөздер үстелінде аяқталатынын ескерсек, дін басшыларының осылай басқосуының аса маңызды екені аңғарылады.

 

 

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға