Жаңалықтар

Димаштың әндері Чили радиосында бір ай бойы таратылады

Димаштың әндері Чили радиосында бір ай бойы таратылады
Фото: Dimashnews.com 06.06.2023 08:27 635

Димаш Құдайбергеннің әндері Чили радиосында бір ай бойы таратылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

dimashnews.com сайты таратқан мәліметке сәйкес, күн сайын маусым бойы танымал Чили MIX TV радиосының эфирінде Димаштың композициялары таратылады.

Чили радиостанциясында қазақстандық әртіске арналған алғашқы эфир өткен жұмада, 2 маусымда өтті. Бұл Dimash Latin Dears фан-клубының Димаш жанкүйерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Енді маусым айында орындаушының композициялары күн сайын таңғы 7-ден 10-ға дейін эфирге шығады.

Біз Димаштың әндері Чили радиосында ұзақ уақыт бойы шырқалатынына өте қуаныштымыз! Сонымен қатар, Димашқа арналған бағдарламада тек әндер ғана емес, Dears-тің құттықтаулары мен әртістің шығармашылық өмірбаяны баяндалады!,- деп бөлісті Dimash Latin Dears.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға