Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концерт береді

Бұл туралы Dimashnews сайты хабарлады
Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концерт береді
Фото: liter.kz 01.07.2022 12:22 2170

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты концерті өтеді, – деп хабарлайды El.kz порталы Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Димаш көптен күткен жаңа концертін Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда алғаш рет өткізеді.

Әнші қымбатты тыңдармандарымен туған жеріндегі кездесуді асыға күтеді.  Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді.

Билет сатылымының басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы  DimashNews.com сайтында жарияланады.

Қосымша сұрақтар бойынша press@dimashnews.com электрондық поштасына хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға