Жаңалықтар

Димаш Тоқаев пен Си Цзиньпиннің алдында қытай тілінде ән шырқады

Димаш Тоқаев пен Си Цзиньпиннің алдында қытай тілінде ән шырқады
Фото: Видеодан кадр 19.05.2023 10:44 6146

Қытайдың Сиань қаласындағы Лотос саябағында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметі мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтың алдында қазақ әншісі Димаш Құдайбергенов өнер көрсеткен.

Ол қытай тілінде ән шырқады.

Бұған дейін «Орталық Азия-Қытай» саммитіне қатысушылардың құрметіне Лотос саябағында театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.

«Орталық Азия-Қытай» саммитінің негізгі шаралары бүгін өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға