Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 22.03.2023 19:35 1126

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Together» атты жаңа әні жарыққа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Together" ("Біргеміз") композициясы бүгін барлық музыкалық платформаларға жүктелді.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, әнін бауыры Мансұр жазған және оны алғаш рет Алматыдағы концертінде бірге орындаған. Ал таяуда қарындасы Раушанмен бірге түсірілген бейнебаян көпшілікке жол тартпақ.

"Музыка бүкіл әлемді бір шаңыраққа біріктіреді, ал музыка бізбен бірге болса, жарқын болашаққа деген сенім мен өмірге деген сүйіспеншілік артады. Біз бірге болсақ, музыка әлемді шынымен өзгерте алады", - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға