Жаңалықтар

Димаш Құдайбергенге түрік ұлттық музыкалық аспабы сыйға тартылды

Димаш Құдайбергенге түрік ұлттық музыкалық аспабы сыйға тартылды
Фото: Dimashnews.com 08.05.2023 06:19 978

Түркияның Анталия қаласында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенге сол елдің ұлттық аспабы тарту етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы қыркүйекте Алматыда тұсаукесері өткен Димаштың «Stranger» жеке концертінің бағдарламасы әлемге таратыла бастады.

Қазақстанмен бауырлас ел Түркия 6 мамырда алғаш рет қазақстандық орындаушының ауқымды шоуы өтті.

Димаштың жеке концерті Antalya Expo Kongre Merkezi-нде өтті.

Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер барып, әртістің қазақ тілінде орындаған композицияларымен қатар ағылшын, испан, итальян, орыс, француз, қытай және жапон тілдеріндегі әндерін тыңдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға