Жаңалықтар

Димаш Құдайбергенге Сербияда ерекше сыйлық табысталды

Димаш Құдайбергенге Сербияда ерекше сыйлық табысталды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 04.12.2023 09:00 1564

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген “Karić brothers award” сыйлығына ие болды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті достар! Бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым.Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады, - деп жазды ол.

Әншінің айтуынша, 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға