
Димаш Құдайберген Шанхайда махаббат жайлы әнді үш тілде орындады
Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қытайда 27th Shanghai International Film Festival (27-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің) жабылу салтанаты өтті.
Іс-шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әйгілі классикалық туындылардың бірі – Эдит Пиафтың орындауында кеңінен танымал болған «Hymne à l’amour» әнін ұсынды.
Димаш махаббат әнұранын қытай, ағылшын және француз тілдерінде орындап, жылы сезімді жүректен жүрекке жеткізіп, жастық сезім екпінін даналықпен ұштастырды, - делінген әншінің ресми сайтында.
Дүниежүзілік кино өнерінің 130 жылдығы мен Қытай киносының 120 жылдығымен тұспа-тұс келген Қытай киносының туған жері Шанхай Хауңпу өзенінің жағасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам режиссерді қарсы алды.
Шанхай мен оның маңындағы аймақтағы 50-ге жуық кинотеатрда 71 елден 400 фильм көрсетілді. Фильмдер «Негізгі байқау», «Азиялық жаңадан келгендер», «Деректі фильм», «Анимация» және «Қысқаметражды фильм» атты бес номинация бойынша «Алтын кубок» жүлдесін сарапқа салды.