Жаңалықтар

Димаш Құдайберген қытайлық фильмді дубляждады

Димаш Құдайберген қытайлық фильмді дубляждады
Фото: Видеодан кадр / instagram.com/kudaibergenov.dimash 07.12.2023 15:51 7711

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы «Weibo» әлеуметтік желісінде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform сілтеме жасап.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын фильмде қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген ұлы тұлғаның тарихы баяндалады. 

Қытай мифтері мен аңыздарына қарағанда, «Шын-нуң» адамдарға бидай өсіруді, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретті. Ол – қытай мифологиясындағы адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген сиқырлы тұлға. 

Қытайдағы ақпарат құралдарының хабарлауынша, фильмді қазақ тілінде дубляждау үшін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақыртқан.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға