Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайда жаңа жыл қарсаңында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Қытайда жаңа жыл қарсаңында өнер көрсетті
Фото: dimashnews.com 11.02.2024 07:34 465

2024 жылдың 8 ақпанында Димаш Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңына арналған жобаларда бірнеше орындауымен Қытай телеарналарында өнер көрсетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты композицияларын орындады.

https://tv.cctv.com/live/cctv3/

2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаштың әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream» («Мыңдаған шақырымға бір арман») әні шырқалды.

Музыканттар Тайваньдық әнші Ричи Ренмен бірге «Flowers Bloom in Spring» («Көктемде гүлдер бүршік атады») композициясын орындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға