Жаңалықтар

Димаш Құдайберген президентпен ұшақта түскен суретін жариялады

Димаш Құдайберген президентпен ұшақта түскен суретін жариялады
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 20.05.2023 17:36 509

Белгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!, - деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барған болатын. 

Кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен шарада Димаш Құдайберген ән салған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға