Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен дуэтте ән шырқады

Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен дуэтте ән шырқады
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 20.01.2024 19:28 592

Қазақстандық дарын Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында әлемдік опера жұлдызы испаниялық Пласидо Домингомен бірге ән шырқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Концерт 2023 жылғы 10 желтоқсан күні Будапештте Ференц Лист атындағы Музыкалық академияда өткен болатын. Ал оның премьерасы 19 қаңтар күні Virtuosos YouTube арнасында өтті.

Сонымен қатар үзіндіні Димаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да жариялады.

Эфирдің көрсетілімінде Будапештте өтіп жатқан байқаудың шымылдығын Пласидо атамызбен Жорж Бизенің «Pearl fishers» операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындаған болатынбыз. Будапешт ­– арманымды орындаған қала. Себебі Пласидо Домингоны кішкентай кезімнен тыңдап өстім, - деді Димаштың өзі.

Бұл дуэт «Au fond du Temple Saint» ариясын шырқады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген VIRTUOSOS V4+ халықаралық байқауының финалына арнайы қонақ ретінде шақыртылған.

VIRTUOSOS – классикалық музыка таланттарының басын қосқан бірегей шоу. Ол жас таланттарды танытуға және жас музыканттарға даму мен алға жылжу мүмкіндігін беруге бағытталған. Сондай-ақ шоу классикалық музыканы дамытуға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға