Димаш Құдайберген футболдан Қазақстан құрамасын қолдауға шақырды

 instagram/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген футболдан ұлттық құраманың кезекті ойынын тамашалайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің instagram парақшасына құраманы қолдауға шақырып:

Ертең үйде боламыз. Астана Аренада ұлттық құрамамызды бірге қолдайық! Алға Қазақстан! - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні «Астана Аренада» футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыз