Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Еуропада тур өткізетінін мәлімдеді

Димаш Құдайберген Еуропада тур өткізетінін мәлімдеді
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 01.12.2023 10:27 745

Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген 2024 жылы Еуропада тур ұйымдастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ал кәрі құрлықтағы алғашқы концертін Венгриядан бастайды екен.

Құрметті достар! Менің «Stranger» концерттік турым жаңа 2024 жылы Еуропада басталатынын қуана хабарлаймын. Дунай жағалауындағы әдемі Будапешт қаласында – Венгрияның астанасында сіздермен кездесуді асыға күтемін!

Концерт 2024 жылдың 4 мамырында «Ласло Паппа» атындағы спорт аренасында өтеді. Билеттердің сатылымы TICKETPORTAL.HU. сайтында 2023 жылдың 5 желтоқсанында басталады, - делінген жазбада.

Бұған дейін әнші өзінің жаңа әніне тизер жариялаған болатын

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға