Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Ереванда армян тілінде ән салды

Димаш Құдайберген Ереванда армян тілінде ән салды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 01.05.2023 12:48 826

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ереванда концерт қойып, армян тілінде ән шырқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Stranger шоуын ұсынған отандасымыз армян халқының әні "Сарери овин мернемді" нақышына келтіре орындап, жергілікті көрермендердің ілтипатына бөленді.  

Тау халықтарына арналған аталған ән армян ұлтының әнұранына айналған. "Тау самалы керек маған" әнін қазақ әншісінің орындауы концертке жиналған көрермен үшін таңқаларлық жағдайға баланып отыр. Олар өздерінің атақты халық әнін Димаштың орындауында естігендеріне қатты қуанышты екендіктерін қошеметтерімен білдіріп, ән аяқталғанша тік тұрып құрмет көрсетті. 

Айта кететін жайт, Димаш армян халқының "Сарери овин мернемді" әніне ерекше аранжировка жасаған. Сонымен бірге, музыкалық сүйемелдеуге домбыраны қосуы армяндар үшін күтпеген жағдайға баланып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға