Жаңалықтар

Димаш Құдайберген ерекше концерт өткізді

Димаш Құдайберген ерекше концерт өткізді
Фото: ©dimashnews.com 25.12.2023 12:30 914

23 желтоқсанда Димаш Құдайберген Гонконгта жеке концертін берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мереке атаулы күнге арналды: осыдан тура жеті жыл бұрын 22 жастағы қазақстандық музыкант "I am a Singer" жобасына қатысу үшін алғаш рет Аспан асты еліне барған еді.

Dears Гонконг Көрме орталығына Қытайдан, Еуропаның, Американың, Азияның, Африканың түрлі қалаларынан жиналды. Жолын 2022 жылдың қыркүйегінде Алматыда бастаған "Stranger" шоуы да осы кеште ерекше болды.

Димаш алтын көмкерілген ашық қызыл түстес костюммен шығып, концертті "Golden" әнімен ашты. Ашылудан кейін ол бірден Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минут үнсіздік жариялады.

Көрермен өзін және өткен жеті жылдағы кездесулердің есте қаларлық сәттерін үлкен экраннан көріп, еске алды. Сол сәтте Димаш сахнаға қара-жасыл костюммен қайта келді. Ол "I am a Singer" жобасының бірінші эпизодындағы "S.O.S d’un terrien en détresse" әнін орындады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Dears… Біз бір–бірімізді көптен бері көрмедік, мен Сіздерді сахна үстінен үлкен, тату отбасы екендеріңізді көріп тұрмын. Қолдауларыңыз үшін рақмет. Сіздер болмасаңыздар, мен ештеңеге қол жеткізе алмас едім. Барлығы сіздердің қолдауыңыздың арқасында, – деп Димаш жанкүйерлеріне шын жүректен алғыс айтып, концертті аяқтады.

Ол қорытынды сөзінде келесі кездесуді тағаттана күтетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға