Жаңалықтар

Димаш пен Мансұр Құдайбергеновтер тыңдармандарын таңғалдырды

Димаш пен Мансұр Құдайбергеновтер тыңдармандарын таңғалдырды
Фото: Видеодан кадр 12.02.2024 11:23 1171

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенов пен туған інісі Мансұр Құдайбергеннің орындауындағы "Өмір" әні көпшіліктің көңілінен шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайбергенов Instagram парақшасында "Өмір" әнін жанды дауыста орындаған бейнежазбасын жариялады. Інісі Мансұр Құдайберген гитарада ойнап, сүйемелдеп тұр.

Қос өнерпаздың тыңдармандары таңданыстарын жасырмай, жарыса пікір білдіріп жатыр.

"Рақмет, Димаш, осындай әндерің үшін", "Әлемдегі ең керемет ән", "Әсерлі орындау", - деп жазып жатыр желі қолданушылары. Димаш Құдайбергеннің шетелдік тыңдармандары керемет туынды үшін алғыс айтып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға