Жаңалықтар

Димаш пен Денистің достығы: Әнші марқұм досын еске алды

Димаш пен Денистің достығы: Әнші марқұм досын еске алды
Фото: Әлеуметтік желі 20.07.2023 12:30 2332

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм досы Денис Тен туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаның жәннатта болсын, досым. Өзіңсіз өткен бес жыл… Еліміз үшін жасаған ерліктеріңді ешқашан ұмытпаймыз, - делінген жазбада.

Димаш Құдайберген жыл сайын Денис Тенге арналған жантебірентерлік жазбасымен бөліседі.

Өзіңмен жүздескен, тілдескен, танып білген әр жанның мәңгі сана-сезіміндесің. Сен әрдайым менің есімдесің, жүрегімдесің досым! Сенің бойыңдағы қасиет: Өз ұстамыңа беріктігің, ерен еңбегің, кәсібіңе деген құрметің, Отанға деген адалдығың - еліңе, жас ұрпаққа үлгі, қағида болып қала береді, - деп жазған еді 2019 жылы Instagram-парақшасында. 

Денис Теннің қазасы Димашқа ауыр соқты. Оны еске алу үшін әнші SOS d'un terrien en détresse композициясын орындады, бұрын мұз айдынына шыққан Денис осы әннің сүйемелдеуімен арнайы бағдарлама көрсеткен еді.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде 25 жасында қайтыс болды. Күндізгі сағат үштер шамасында ол Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан. Екі жігіттің көлігінің айнасын ұрлап жатқанын байқаған Денис оларды тоқтатпақ болған кезде жамбасынан жарақаттанды.

Ел есінде мәңгі сақтайтын аңыз чемпионның жеңістері мен жетістіктеріне шолу жасаған едік.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға