Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Діндер съезі делегаттарының алдында өнер көрсетті

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі осы уақытта елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.
Димаш Құдайберген Діндер съезі делегаттарының алдында өнер көрсетті
Фото: egemen.kz 14.09.2022 11:27 841

13 қыркүйек күні «Астана Опера» театрында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің делегаттары мен қатысушыларына арналған концерт өтті, деп хабарлайды El.kz.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинованың айтуынша, бір сахнада есімі әлемге әйгілі өнер майталмандары жиналды.

Олардың арасында Димаш Құдайберген, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жалтыргөзов, Бибігүл Жанұзақ, Нұрболат Арзамас, Жәмилә Жарқымбаева, халықаралық байқаулардың лауреаты Жақсыкелді Маясаров, П.И.Чайковский халықаралық байқауының лауреаты Ақбике Алғи бар. Сондай-ақ шараға «Астана Опера» театрының хоры, балет труппасы мен симфониялық оркестрі, домбырашылар ансамблі, Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының би тобы, «Астана Опера» балалар хоры, «Астана балет» театры, «Астана сазы» ансамблі және басқа да бірқатар би ұжымдары қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі осы уақытта елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға