Жаңалықтар

Жолдау әділетті Қазақстан құру жолында билік пен қоғамның арасын жақындатады

Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Жолдау әділетті Қазақстан құру жолында билік пен қоғамның арасын жақындатады
Фото: nobel-tmn.ru 02.09.2022 13:11 1788

Онлайн форматта Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz

Іс-шараны философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығы Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасымен және «Открытый мир» талдау және болжамдау орталығы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары дәстүрлі түрде елдің таяудағы перспективаға арналған саяси, экономикалық және әлеуметтік даму басымдықтарын белгілейтіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, әлемдік тәртіптегі жаһандық өзгерістерге байланысты Қазақстанның тұрақты дамуы қауіп-қатердің алдында тұрғандықтан, нақты әрекет жасауды қажет етеді. Бұл тұрғыда сарапшылар мемлекет басшысының Жолдауы саяси, әлеуметтік-экономикалық ерекше мәнге ие екенін айтты.

Жолдауды тұжырымдау барысында жиналғандар өз ұсыныстарын білдіріп, қажетті іс-шараларды жүзеге асыратындықтарын жеткізді. Сонымен бірге олар Әділетті Қазақстан құру жолында билік пен қоғамның арасын жақындатуға және халықтың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізетін Жолдау деп бағалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға