Жаңалықтар

Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасын 8-ші орынмен аяқтады

Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасын 8-ші орынмен аяқтады
10.02.2022 12:07 1319

Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл бәсекеде қазақстандық Әділ Ғалиахметов те бақ сынаған болатын. 23 жастағы оралдық спортшы әлем мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, сегізінші орынға табан тіреді. 

Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды. 

Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленген. 

Айта кетелік, бұл қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды. 

baq.kz

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға