Жаңалықтар

«Дикий Арман» ерекше белгі ретінде жеңіне ақ мата таққан

«Дикий Арман» ерекше белгі ретінде жеңіне ақ мата таққан
20.06.2022 16:36 1500

Қаңтар оқиғасына қатысы бар «Дикий Арман» мен оның сыбайластарының қылмысы белгілі болды. Қылмыстық топ ерекше белгі ретінде сырт киімдерінің жеңіне ақ мата таққан. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді деп хабарлайды El.kz.

Қылмыстық топ басшылары қатардағы серіктестеріне суық қару, дубинка және денеге зиян келтіретін заттар мен 200 мың теңге қаражат берген.

– 6 қаңтарда Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйіне келген қылмыскерлерге «Glock» және «Макаров» маркалы тапаншалары таратылды. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды. Олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, жоспарланған қылмыстағы рөлдерін анықтады, - деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.

Серік Шалабаевтың айтуынша, қылмыскерлер қаланың әр түрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, зәбір көрсеткен.

– Ұрлаған азаматтарды «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Дене жарақатын келтіру нәтижесінде жәбірленушілердің бірі қайтыс болды. Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды, - деді Серік Шалабаев.

Қалған қылмыстық топ қатысушыларын анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға