Жаңалықтар

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Фото: polisia.kz 06.03.2023 14:06 485

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға