Жаңалықтар

"Дикий Арман" сотта жеңіске жетті

"Дикий Арман" сотта жеңіске жетті
Фото: instagram.com/armandzhumageldiev 09.06.2023 17:50 1482

"Дикий Арман" деген лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев азаптау дерегіне қатысты әскерилерге қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов мәлімдеді.

Өзін қолдайтын адамдардың тізімі бар. Ол өзі үшін осы қиын сәтте теріс айналмағандардың барлығына алғысын білдіреді. Қазір ол сот отырысына дайындалып, қылмыстық іс материалдарымен танысуда. Арман қылмыстық істің әрбір бетін және қолда бар дәлелдерді егжей-тегжейлі зерттейді, - дейді Олег Чернов.

Айта кетейік, "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда 24 адамды ұрлады деген айып тағылған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес "Дикий Арманға" ҰҚК қызметкерлері тапсырма беріп отырған. Жақында қамау мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға