Жаңалықтар

Digital Bridge Awards 2023: жеңімпаздар анықталды

Digital Bridge Awards 2023: жеңімпаздар анықталды
Фото: t.me/KZgovernment 12.10.2023 18:00 957

Digital Bridge 2023 IT-форумы аясында Орталық Азиядағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы елеулі жетістіктері үшін жыл сайынғы Digital Bridge Awards 2023 марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Digital Bridge Awards марапатына қатысуға Қазақстан, Пәкістан, Сингапур, Моңғолия, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және АҚШ-тан 337 өтінім келіп түсті. Биыл цифрландыру саласының үздіктері сегіз аталым бойынша анықталды.

Digital Bridge Awards 2023 жеңімпаздарына марапатты премьер-министрі Әлихан Смайылов табыс етті.

Үздік атанғандар:

Export Excellence номинациясында – IT тауарлар мен IT қызметтерін экспорттаудағы керемет жетістіктері үшін EPAM Kazakhstan. Компания соңғы 12 айда экспорт көлемі мен серіктес елдер саны бойынша тамаша нәтиже көрсетті.

Tech for Good номинациясында – Ozim Platform технологияны қоғам игілігіне пайдалануға арналған Ozim платформасы. Олардың инновациялық тәсілдері адамдардың өмірін жақсартуға және экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.

Tech Educational Leader номинациясында – білім саласындағы батыл және шығармашылық бастамалары үшін Alem.school. Мектеп инновациялық әдістерді қолдануда тамаша жетістіктер көрсетті.

Tech Media of the Year номинациясында – медиа құралдарын тиімді пайдалану және аудиториямен өзара әрекеттесудің жаңа арналарын ашқаны үшін Limon.KG.

Employer of Choice номинациясында – ынталандырушы жұмыс ортасын құру және қызметкерлердің кәсіби және жеке өсуін қолдау, сондай-ақ персоналды дамытудағы жоғары стандарттар үшін Kolesa group.

VC of the Year номинациясында – инновациялық стартап-жобаларды анықтау және қолдау көрсеткені үшін Big Sky Capital.

AI Startup of the Year номинациясында – соңғы 12 айда қол жеткізген жоғары нәтиже, соның ішінде пайдаланушылар базасының өсуі, нарық үлесі және кірісі үшін Zypl.ai.

Digital Bridge Awards – Қазақстан Республикасында құрылған цифрландыру саласындағы жыл сайынғы беделді марапат. Бұл марапат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және цифрлық трансформация саласындағы тамаша жетістіктер мен инновацияларды атап өтуге арналған. Digital Bridge Awards марапаттау Қазақстанда цифрлық индустрияның дамуына елеулі ықпал ететін компанияларды, стартаптарды, ұйымдарды және жеке тұлғаларды тану және көтермелеу тәсілдерінің бірі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға