Жаңалықтар

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.10.2023 19:08 2648

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум - Digital Bridge 2023 өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Бұл халықаралық форумға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, өңірдің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысып жатыр. Digital Bridge-2023 алаңында 20 мың қатысушы, 300 IT компания, 100 инвестор мен бизнес-періштелер, 250 спикер және әлемнің 15 елінен 100 стартап бас қосты.

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Жасанды интеллект заманауи қоғамда маңызды рөл атқарады, сондықтан Digital Bridge-2023 технология мен адам әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылайтын тамаша алаңға айналмақ. Бұл форум сала мамандары мен сарапшыларына өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Осы арқылы адамзатқа жасанды интеллект қызмет ететін болашақты бірлесіп құруға жол ашады. Қазақстан осы бағытта инновациялық өсудің жоғары әлеуетіне ие болып отыр. Қазіргі таңда елімізде ғалымдар мен жас таланттардың шоғырлануы үшін қолайлы жағдай жасалуда. Біздің азаматтарымыздың әртүрлі салаларда әзірлеген жасанды интеллект өнімдері бар, олар қазірдің өзінде әлем назарын аударып отыр. Біз мұны сөзсіз, мақтан тұтамыз. Жасанды интеллект экономиканы, өнеркәсіпті, ғылым мен техниканы дамытуда зор әлеуетке ие», - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтиды. Мәселен бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Сондай-ақ one-to-one кездесулер, халықаралық спикерлермен 30 панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Hub Battle үздік IT-стартап үшін дода, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards – үздік стартаптарға, инновациялық жобаларға және кәсіпкерлерге берілетін халықаралық сыйлық, 100 қазақстандық және шетелдік технологиялық стартаптар өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынатын Стартап аллеясы ұйымдастырылды.

Форумның 5 жыл қатарынан IT-қауымдастықтың ерекше назарын аударып, қалың жұртшылықтың қызығушылығын тудырған ең қызықты оқиғасы – Astana Hub Battle – үздік IT стартаптардың ең ірі додасы болды. Биыл батлдың жүлде қоры 4 есе ұлғайды.

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Биыл біз Astana Hub Battle концепциясын сәл өзгерттік. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады - Best Social Impact, The Most Innovative, Exponential Growth. Ал жүлде қоры $75 мыңға дейін артады, әр номинация бойынша $25 мың. Қазылар алқасының құрамында елімізідң ірі инвесторлары болады, сондықтан ресми жүлдеден бөлек, перспективалы жобалар қазылар алқасынан қосымша ұсыныстар алуы мүмкін, - деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

Форумның бірінші күні жартылай финалда жобаларды бір минуттың ішінде таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл сынақтан өткен 10 стартап финалда үздік атағы үшін бақ сынасады.

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Форумның хедлайнерлері – IT әлемінің әлемге әйгілі тұлғалары форум басталар шақта жарияланады. Сонымен қатар дәстүрлі түрде бірқатар көрмелер – корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC, аймақтық IT хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Digital Bridge 2023: Фоторепортаж
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Еске салсақ, Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға