Жаңалықтар

Digital Bridge 2023 форумына 30 елден 30 мың адам қатысқан

Digital Bridge 2023 форумына 30 елден 30 мың адам қатысқан
Фото: © ОКҚ 18.10.2023 16:00 540

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов Digital Bridge 2023 форумын қорытындылады, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Ерсұлтан Ермановтың айтуынша, форумға қатысушылардың жалпы саны 30 мыңды құрады. Атап айтқанда, 30 елден келген делегация, 300-ден астам IT-компаниялардың өкілі, 450 спикер, 100-ден астам инвестор мен бизнес-періштелер, сондай-ақ 150-ден астам стартап болды. Оған қоса keynote форматында 55 панельдік сессия, дөңгелек үстелдер мен презентациялар өтті.

Digital Bridge 2023 алаңында IT-инновацияларды дамытуға бағытталған 29 құжатқа қол қойылды. Біздің министрлік үш меморандумға қол қойды. Оның ішінде ICPC қорымен 2024 жылы Қазақстанда бағдарламалау бойынша әлем чемпионатын өткізу туралы меморандум да бар. Astana Hub халықаралық технопаркі өңірдегі венчурлік инвестицияларды танымал ету арқылы Орталық Азиядағы технологиялық стартаптардың экожүйесін, Қазақстанның венчурлік нарығын дамытуға бағытталған 8 меморандумға қол қойды, - деді Ерсұлтан Әділетұлы.

Сонымен қатар департамент директорының сөзінше, форум шеңберінде алғаш рет Google for Startups саммиті өткен. Google for Startups акселерация бағдарламасына қатысатын компанияның 15 әріптес елдің өкілдері Қазақстанға келіп, өздерінің сараптамалық іс-шарасын өткізді.

Бұл Silkway Accelerator шеңберінде Google for Startups және Astana Hub арасындағы табысты ынтымақтастықтың логикалық дамуының көрінісі болды. Аталған бағдарлама арқылы 37 стартап өткенін атап өткен жөн, - деді Ерсұлтан Ерманов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға