Жаңалықтар

Дэвис кубогі: Болгариямен матчта Тимофей Скатов Қазақстанды алға шығарды

Дэвис кубогі: Болгариямен матчта Тимофей Скатов Қазақстанды алға шығарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 16.09.2023 23:49 437

София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария құрамалары ойнап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов пен дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузманов кортқа шықты.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Скатов 3:0 есебімен алға кеткенімен, болгариялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тимофей мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Содан кейін шешуші, үшінші сетте бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Екі сағат 47 минутқа созылған кездесу барысында Скатов 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, есеп – 1:0, отандастарымыз алда келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға