Жаңалықтар

Депутаттыққа үміткерлер өңірлердегі жастармен кездесті

Депутаттыққа үміткерлер өңірлердегі жастармен кездесті
Фото: El.kz 24.02.2023 17:37 1014

Respublica партиясының сайлауалды туры Шымкент қаласында жалғасты. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, бір аптадан аз уақыт ішінде партия мүшелері 15 000 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Ал республика бойынша өткен жиындарға қатысқан азаматтардың саны қазірдің өзінде 33 000-нан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір күннің ішінде 3000-нан астам шымкенттік партия идеяларына қызығушылық танытып, бірқатар шараларға қатысты. Бұған дейін партия өкілдері Алматы, Талдықорған, Қонаев, Тараз қалалары мен Сарыөзек елді мекенін аралаған болатын. Қазір партия өкілдері Шымкентте, ертең Түркістанға аттанады.

Елдің түкпір-түкпіріндегі іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысуда.

Шымкентте қала жастарымен кездесу өтіп, партия жетекшілері, депутаттыққа үміткерлер 2000 адамдық аудитория алдында сөз сөйлеп, партияның идеялары, мақсаттары мен ұсыныстарын айтты. Партия мүшелерінің орташа жасы 37 жас екенін бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Бұл жас аудиторияны қызықтыратын факторлардың бірі екені анық. Барлық іс-шараларға қатысушылардың 70 пайызын құрайтын жастар. Бұл ретте партия барлық тұрғындармен кездесуге ашық.

Депутаттыққа үміткерлер өңірлердегі жастармен кездесті

Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Партиялықтар жастармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламадағы білім саласына қатысты басымдықтар туралы айтты. Шығыс Қазақстан облысында ірі өндіріс ошақтары мен ғылыми институттар өте көп. Сол себепті партия өңірде ғылымды қажет ететін өнеркәсіп салаларын дамытуға мүдделі. Сондай-ақ, аманаттықтар Өскемендегі теннис орталығында спортшылар қауымымен кездесті.

Осы күні Республикалық сайлауалды штаб мүшелері «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауытының» ұжымымен дидарласып, жұмысшылардың құқықтары мен денсаулығын қорғау шараларын талқылады.

Депутаттыққа үміткерлер өңірлердегі жастармен кездесті

🗣Депутаттыққа үміткерлер өңірлердегі жастармен кездесті
 

«Партиялық бағдарламада қоғамдағы ең өзекті мәселелер қамтылған. Соның бірі – зиянды және қауіпті өндіріс қызметкерлерінің зейнетке ерте шығу мүмкіндігіне қол жеткізу. Сондай-ақ өндірістегі барлық қызметкердің өмірі мен денсаулығы сақтандырылуға тиіс. Партия сақтандыру компаниялары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Зардап шеккен қызметкерлерге тиесілі төлемдер мөлшерін төмендетуге жол берілмейді!»– деді штаб мүшесі Юлия Кучинская.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға