459.92
505.77
6.57

Депутаттыққа түсу-түспеуім уақыт еншісінде – Салтанат Тұрсынбекова

azattyq
Фото: azattyq 26.11.2022 18:08 1949

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова сайлауда аз дауыс жинағанына көңілі түспегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қай деңгейде болсам да, халыққа берген уәдемді орындау бұл менің басты мақсатым. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының негізгі міндеті барлық отбасыға көмектесу. Оның ішінде, әйелдердің құқығын қорғау. Біз мұнымен тоқтап қалмай, әріқарай негізгі міндеттерді атқарамыз», - деді ол.

Сондай-ақ, депутаттыққа түсесіз бе деген журналистердің сауалына ол уақыт көрсетеді деп жауап берді.

«Сайулаудың қортындысна көңілім толады. Ең бастысы, бүгін Президентпен біргемін», - деп жауап қайтарды Салтанат Тұрсынбекова.

Еске сала кетейік, Салтанат Тұрсынбекова Президенттік сайлауда халықтың 2,12 пайыз даусын жинаған болатын.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар