Жаңалықтар

Депутаттық төсбелгі қанша тұрады? Дәулет Мұқаев жауап берді

Депутаттық төсбелгі қанша тұрады? Дәулет Мұқаев жауап берді
Фото: instagram.com/daulet_mukayev 13.11.2023 12:22 1011

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев «Динамен дұрыс» бағдарламасында өзі әулетіндегі бірінші депутат екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Менің бір туысқаным да депутат болған емес. Бала кезден әкем мүмкін депутат болса, маған ол қызық емес болар ма еді. Бізге төсбелгіні «жоғалтып алмаңдар, ол алтын» деп айтты. Сол кезде «Қанша тұрады екен?» деген ой келді. Төсбелгіні басқа жерден сатып ала алмайсың, арнайы тапсырыспен жасалады, - деді депутат.

Оқи отырыңыз:

Дәулет Мұқаев төсбелгінің бағасы қанша екенін шамалап білді.

Бейресми ақпарат бойынша төсбелгінің құны – 1000 долларды құрайды деп айтады. Ол өйткені алтын жалатылған ғой, 500 мың теңгенің айналасында. Қазір мен балаларға, оқушыларға көрсеткенде «ұстаңдар, суретке түсіп көріңдер, тағыңдар» деп мотивация беремін. Өйткені оларды «мен жасаған дүниені сендер де жасай аласыңдар, қолдарыңнан келеді» деп жігерлендіргім келеді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға