Жаңалықтар

Депутаттар сайлауын өткізудегі басты мақсат – халыққа жақын болу

Депутаттар сайлауын өткізудегі басты мақсат – халыққа жақын болу
Фото: exk.kz 14.01.2023 14:22 1661

Елімізде ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 20 депутат жаңа қызметке сайланатын болады. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Геннадий Шиповских пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Геннадий Шиповских елімізде өтіп жатқан Сенат депутаттары сайлауының басты мақсаты туралы айтты.


«Парламент Сенатының өтіп жатқан сайлауы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сонау өткен жылы бастаған саяси реформасының сәтті жалғасы деп ойлаймын. Одан кейін алда әлі Парламент Мәжілісінің сайлауы тұр. Әрине бұл жерде басты мақсат – ашықтық, жаңару және де барынша транспоренттік көрсете отырып, халыққа жақын болу», – деді депутат.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі жаңадан сайланған депутаттар құрамы еліміздің болашағы үшін қызмет ететін болады деген сенімін білдірді.


«Менің ойымша, жаңа құрам Үкіметке жаңадан қан жүгіртетін болады. Сондықтан бұл сайлау үлкен саяси реформа болып отыр. Ол әр өңірден шығып жатқан әрбір азаматтың сәтті кезеңі деп есептеймін. Депутаттар сайланғаннан кейін әрқайсы өңірінен Республикалық деңгейдегі жақсы дүниесін алып келіп, өз ісінің маманы бола тұра еліміздің өркендеуіне үлесін қосады деп кәміл сенемін», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға