Қазақстан мен Черногория қарым-қатынастарын дамыту мен нығайту мәселелерін Мәжіліс депутаттары Құдайберген Бексұлтанов, Болат Керімбек және Максим Рожин Черногорияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Милорад Шчепановичпен кездесуде талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан-Черногория» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ жетекшісінің орынбасары Құдайберген Бексұлтанов соңғы бірнеше жылда елдер арасындағы екіжақты байланыс айтарлықтай жанданғанын атап өтті. Черногорияда Қазақстанның алғашқы өкілдігі – Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы және «Подгорица-Астана» тікелей рейсі ашылды. Қазақстандықтарға Черногорияға бару үшін визасыз режим іске қосылды.
Өз кезегінде Милорад Шчепанович елдер арасында, оның ішінде құқықтық салада да тығыз байланыс орнағанын айтты. Бүгінгі таңда Черногория тарапы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды беру және шығару туралы үш мемлекетаралық келісімді қарастырып жатыр. Сондай-ақ Елші Қазақстан-Черногория ынтымақтастығын дамытуда парламенттік достық топтары маңызды рөл атқаратынына назар аударды.
Сонымен қатар әңгімелесушілер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты байланысты және парламентаралық өзара іс-қимылды дамыту мен нығайтуға келісті.
Депутаттар Қазақстан мен Черногория қарым-қатынастарын дамыту мен нығайту мәселелерін талқылады
Оқи отырыңыз
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев