Жаңалықтар

Депутаттар ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін талқылады

Депутаттар ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Сенатының баспасөз қызметі 17.05.2023 21:26 606

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шарада биылғы сәуірдің соңында Жетісу өңіріне сапары барысында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Комитет төрағасы Әли Бектаев Сенат депутаттары еліміздің барлық өңірлерімен тығыз байланыс орнатып, осы өңірлердің өзекті мәселелерін республикалық деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне мүдделі екенін атап өтті.

Жиын барысында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің өкілі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен облыста суару желілері мен су шаруашылығы нысандарын қайта құру бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. 

Шара нәтижесінде қатысушылар ауылдық аумақтарды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға