Жаңалықтар

Депутаттар Алматыдағы бітімгерлік операциялар орталығында болды

Депутаттар Алматыдағы бітімгерлік операциялар орталығында болды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 14.01.2024 03:53 697

Қорғаныс министрлігінің қосымша білім беру мекемесі KAZCENT-те министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәжілісмендермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықпен танысу конференц-зал мен оқу корпусынан басталды. Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан мен депутат Константин Авершинге KAZCENT қызметінің негізгі бағыттары туралы айтылды. 

ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин бітімгерлік қызметті одан әрі дамыту және кеңейту туралы брифинг өткізді. Ол қазақстандық бітімгерлер қатысатын миссиялардан хабардар етіп, сұрақтарға жауап берді.

Орталықтың қызметі БҰҰ аясындағы миссияларға қатысу үшін Қарулы күштердің әлеуетін арттыру міндетін қойған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізіледі. Сондықтан әскери қызметшілердің бітімгерлік және тілдік дайындығына аса мұқият қараймыз, - деді Бауыржан Нығметуллин. 

«Бітімгер» оқу орталығына барған кезде мәжілісмендер БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ұлттық контингентті бітімгерлікке даярлау үдерісімен, әскери қызметшілерді қару-жарақпен, әскери техникамен және мүлікпен жарақтандырылуымен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға