Жаңалықтар

Депутат тауар белгісін тіркеу жарамсыздығын тексеру қалай жүргізілетінін сұрады

Депутат  тауар белгісін тіркеу жарамсыздығын тексеру қалай жүргізілетінін сұрады
Фото: instagram.com/zharkynbekamantai 03.05.2023 13:10 972

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Депутат Жарқынбек Амантай осы заң жобасы туралы баяндама жасаған әділет министріне қаралып отырған келісімнің  жетінші бабында тауарлар белгісін тіркеуден бас тарту және бұрын тіркелген тауар белгісінің тіркелуін жарамсыз деп тану қарастырылғанын айтты.

Осыған ұқсас құқықтық қорғау құралдары географиялық көрсеткішке де қатысты қолданады. Сондай-ақ, тауар белгілері мен географиялық көрсеткішті тіркеу оларды тіркеуден бас тарту 2021 жылы 1 сәуірде радификацияланған басқа келісім аясында жүргізеді екен. Іс жүзінде тауар белгісін тіркелуін жарамсыз деп тану бойынша келісімнің жетінші бабы қалай жүзеге асырылады?, – деп сұрады Жарқынбек Амантай.

Бұл ретте ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев егер географиялық көрсеткіштер немесе тауар белгілерінің шыққан жері жөнінде күмән болса немесе жаңылыстыратындай жағдай туындаса, онда географиялық көрсеткішті тіркеу жарамсыз болып танылатынын айтты.

Бұл заңның  алтыншы бабында көрсетілген. Осы келісімнің жетінші бабы дүниежүзілік сауда ұйымының және ЕЭО-тың нормаларымен үйлестірілген. Егер жалған ақпараттар анықталатын болса әділет министрінің қарамағындағы аппеляциялық  кеңеске арыздануға болады және сәйкес тәрітппен жойылады. Бұл шешімме келіспеген жағдай да сотқа арыздана алады, – деді Есқараев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға